СҚО-да орылған астық көлемі артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да орылған астық көлемі артып келеді

28.10.2018

Елдегі негізгі астықты өңір саналатын 3 облыстың диқандары биыл қамбаға 16 миллион тоннадан астам бидай құйды. Соңғы жылдары қар мен жаңбырға ұрынып, астықтың біразы ысырап болып, шаруалардың шақшадай басын шапшақтай еткен еді. Биыл әбүйір болғанда күн райы қарасып, күзгі жиын-терім уақытында аяқталды. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы үшін тәуекелді аймақ саналады. Қысқа күнде қырық құбылатын күн райының салдарынан шаруаларға жылда мол өнім алу бұйыра бермейді. Тек соңғы жылдары жаңа технологияларды енгізудің арқасында орылған астық көлемі еселеп артып келеді.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу