Орталық Азия аймағы қазір геосаясатта тартымды өңір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия аймағы қазір геосаясатта тартымды өңір

15.07.2018

 Әлемдік алып державалардың мүддесі тоғысқан мекен. Аймақ алты ғасырдан соң қайтадан әлемдік жүйенің алтын діңгегіне айналып келеді. Біздің Президент өзі бұл орайда «Орталық Азия елдері күшті және тәуелсіз аймақ бола алады, өйткені, соңғы 500 жылдың ішінде тұңғыш рет біздің аймақ экономика жағынан дүниежүзілік экономика үшін маңызды аймақ болып отыр» деген болатын.

Ұлы дала төсінде Ұлы Ғұн империясы, Көк түрік мемлекеті, Шыңғыс хан мен Әмір Темір империясы және Алтын Орда хандығы салтанат құрған. Олар әлемдік елдердің құтын қашырып, геостратегиялық сахнада ықпалды болды. Өкінішке қарай, ХV ғасырдың аяғында теңіз жолы ашылып, Жібек жолы құлдырады.  

Араға жүздеген жылдар салып барып қана Орталық Азия қайтадан қуатына мінді. Былтырдан бастап аймақ елдері жоғары интеграциялық кезеңге бет бұрды. Оның нақты дәлелі -  Орта Азия халықтарына ортақ мейрам, Ұлыстың ұлы күні  қарсаңында аймақты жайлаған бес елдің басшылары Астанада, Ақордада бас қосты.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу