Астаналықтар мен қала қонақтарының жиі серуендеп, демалатын орындары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтар мен қала қонақтарының жиі серуендеп, демалатын орындары

20.05.2018

«Аспаған елім, таспаған елім, тарихын қайта бастаған дедім. Жұмыр Жер кенет жүзік болып кетсе, гауһардай жанған – Астанам менің». Ақын - Маралтай Ыбырай Астананың сұлулығын, ұлылығын осылай шебер суреттейді. Рас. Бүгінгі Астана – әсемдік әлдиленіп, сұлулық саялаған жер. Бүгінгі Астана – татулық тербеліп, тұрақтылық төрлеген ел. Бүгінгі Астана – бұрынғы астаналардың аманатын алып, Сарыарқаның кіндігіне – болашақтың кілтін байлаған жас қала.

Ал, тура 20 жыл бұрын Есілдің жағасында осындай шаһар бой көтереріне бірі сенді, көбі күдікпен қарады. Міне, содан бері жиырма жыл өтті. Есілдің жазығындағы ескі көрініс ептеп емес, екпінді түрде өзгере бастады. Зәулім ғимараттар, алып нысандар тұрғызылды. Астана – сұлулықтың символы, ұлылықтың ұясына айналды. Әлемнің әйдіктері бас қосатын,  президенттер пікір алмасатын, салмақты саммиттер мен ауқымды шаралар ұйымдастырылатын жаһандық алаң болып қалыптасты.  Оған кешегі Азияда ойындары, «ЭКСПО» халықаралық көрмесі сияқты шартарапты біріктірген шаралар дәлел.  «Апта» бағдарламасының «Рейтинг» айдары Астанаға арналды.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу