Қала қонақтарының жылы лебізі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала қонақтарының жылы лебізі

07.07.2014
Қала қонақтарының жылы лебізі

Жыл сайын Астана күніне еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар көптеп келеді. Әсем қала - Астананы армансыз аралайды.

Ерғазы Жарылқасынұлы, қала қонағы:

Мен осы Астананың қала күніне Өзбекстанның Новаи облысынан қыдырып келдім. Әйел, бала-шағаммен бірге. Міне, Астана керемет. Әлемдегі ең көрікті қала деп есептейміз.

Рысгүл Айтпаева, қала тұрғыны:

Астананың туған күніне қарсы анам, сіңлім қыдырып келген. Өзім студентпін. Қалал күніне байланысты кешелі бері қыдырып, қаланы аралатып жүрмін. Ұнады. Әсем қала Астана жылдан жылға гүлденіп келе жатыр.

Құттықыз Мелдебекова, қала қонағы:

Шымкент облысынан келдік. Бала, немерелерімізбен жақсы қыдырып жүрміз. Қаланы көрдік. Өсіп-өркендей берсін дейміз.

Хабарламаларға жазылу