«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына орай аллея ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына орай аллея ашылады

20.04.2015
«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына орай аллея ашылады

Телеарна қызметкерлері 85 түп ағаш екті. Олардың қатарында сирек кездесетін сібірдің көк шыршасы, қарағай, қайың сияқты бағалы ағаш көшеттері бар.

Тележурналистер ағаш егу кезінде болашақ тілшілерге аманат хат жазылған капсуланы шыршаның түбіне салды. Хатта бүгінгі аға буын өкілдері 50 жылдан соң да «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы өлкенің басты ақпараттық арнасы болатынына үлкен сенім білдірген.

Телеарна директоры Бауыржан Айтқазиннің сөзінше, болашақта аллея шаһар тұрғындары мен қонақтарының демалатын сүйікті орнына айналмақ.

Алдағы уақытта «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы «50 игі іс» атты жобасының шеңберінде соғыс ардагерлеріне, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созып, демеу болмақ. Сондай-ақ, қанға зәру науқастарға донорлық көмек көрсетуді жоспарлауда.

Хабарламаларға жазылу