Президент Жарлығымен Наталья Годунова Есеп комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды

25.02.2018

Елімізде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын Есеп комитеті бар. Сол комитетке сейсенбі күні Президенттің Жарлығымен Наталья Годунова төрайым болып тағайындалды. Жаңа басшы бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Маңғыстау облысы әкімінің және Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясы хатшысы қызметтерін атқарған. Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Есеп комитетінің жаңа төрайымының қаржылық тәртіпті күшейтуге ықпал ететініне сенім білдірді. Ал, Есеп комитетінің бұрынғы төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековке атқарған еңбегі үшін алғысын айтты.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу