Есеп комитетінің жаңа басшысы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есеп комитетінің жаңа басшысы тағайындалды

20.02.2018

Бүгін Президенттің Жарлығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болып Наталья Николаевна Годунова тағайындалды. Жаңа басшы бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Маңғыстау облысы әкімі және Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясы хатшысы қызметтерін атқарған. Президент Әкімшілігінің басшысы Есеп комитетінің жаңа төрайымына қаржылық тәртіпті арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді. Бұдан бөлек, Әділбек Жақсыбеков Есеп комитетінің бұрынғы төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековке атқарған еңбегі үшін алғысын білдірді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу