Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қалай жүзеге асырылып жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қалай жүзеге асырылып жатыр?

25.02.2018

Сәрсенбіде Президенттің төрағалығымен өткен алқалы жиында 2017-2020 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселесі жан-жақты қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев «бұл құжат қауіптер мен сын-қатерлерді анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс»,- деді. Отырыста аймақтардағы ахуал  да сөз болды. Әсіресе, қауымы көп Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық даму деңгейін көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ, апатты жағдайдағы мектептерді қалпына келтіру, жаңа мектептер салу және өңірдегі діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Жиын соңында Елбасы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу