Нұрсұлтан Назарбаев Қытай халқын жаңа жыл мерекелерімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай халқын жаңа жыл мерекелерімен құттықтады

18.02.2018

Тарам-тарам тамырын жұмыр жерге жайған 1,5 миллиард жұрты бар Қытай осы аптада Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдарын қарсы алды. Осыған орай, Ханзу елінің ең танымал телеарнасы «ССTV» Қазақ Президентінен эксклюзивті сұхбат алып, дәл Жаңа жыл күні сүбелі сұхбатты эфирден төрткүл тарапқа таратты. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің қарым-қатынасынан тартып, халықаралық қауымдастықты толғандырған өткір де өзекжарды мәселелер туралы ойын ортаға салды. Әрі Қытай халқын жаңа жыл мерекелерімен құттықтады.

Хабарламаларға жазылу