Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

30.08.2017

Бүгін - Конституция күні. Қазақстан халқын осы айтулы күнмен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

«Осыдан 22 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады. Конституция Тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды. Саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету бағытында елімізде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді. Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбіт өмір, табыс және құт-береке тілеймін!», - делінді Президенттің құттықтау сөзінде.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу