Пхенчхандағы тартысты сәттер (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхенчхандағы тартысты сәттер (БЕЙНЕБАЯН)

11.02.2018

Жалпы, қазақ спортының тасы бірде өрге домалап, бірде ылдиға құлдилап, жеңісі мен жеңілісі қатар жүретін түрі көп. Ал, оқтын-оқтын олжа салатындар санаулы. Жазғы Олимпиада ойындарында бокс пен зілтемір көтеруден бәйге бермегенмен, қысқы спорт түрлеріне келгенде қамшы төпейтін шабан аттай көсіле алмайтынмыз бар. Бірақ, үмітті үзбейміз.

Баптап-күткен арғымақтарымыз Пхенчхандағы аламанда арқырата шабар. «Қоланы» да, «күмісті» де алар. Қоржынға «алтынды» да салар. Ал, елдегі ағайын сол медальдарды санар.... деп тілейік.

Қазір осы Пхенчхандағы тартысты сәттері мен шаһардағы тартымды көріністерден бейнебаян қараңыз. 

 

Хабарламаларға жазылу