Индира Елемес: Жақын арада  Кәмшат Жолдыбаевамен дуэт ретінде орындаған бейнебаяным жарыққа шығады  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индира Елемес: Жақын арада  Кәмшат Жолдыбаевамен дуэт ретінде орындаған бейнебаяным жарыққа шығады  (ВИДЕО)

23.04.2017

Әнші Индира Елемес  «Бүгін жексенбіде» қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.  «Жақында ғана бейнебаян түсіріліп бітті. Қазір ротацияда жүр. Яғни, ән музыкалық арналарда көрсетіліп жатыр.  

Сондай-ақ, Киев қаласында 2 бейнебаян түсірдім. Біреуі дуэт болса, екіншісі жеке өзім.

Дуэтті әріптесім Кәмшат Жолдыбаевамен бірге орындадым, ол  бейнебаян мамыр не маусым айында тыңдармандарға жол тартады», дейді Индира Елемес.

Сонымен қатар, әнші студияда түрлі сауалдарға жауап беріп, әннен шашу шашты.

Хабарламаларға жазылу