Президент бірқатар шетел елшісінен Cенім грамотасын қабылдады

14.01.2018

Қазақ ілкіден «ізеттінің інісі көп» деген позицияны ұстанады. Сыртқы саясатта жауың болғанды емес, үнемі дос болғанды, бауыр болғанды, тату қауым болғанды қалап жүреді. Әйтпесе, күнде араз, дүрдараз, бірде тату бірде араз елдер жетерлік. Сондықтан, елшілерге қашан де есігіміз ашық.

Осы аптада Президент бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдады. Сөйтіп, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігінің, Швецияның, Үндістан мен Кубаның  дипломаттары ресми түрде Қазақстандағы миссияларын бастады. Бір анығы, шетелдік елшілердің біздің елдегі жұмысы маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Өйткені, Жолдауда айтылған басым бағыттарды орындау үшін экономикалық байланыстарды жандандыру көзделген.

Шетелдік елшілер де үлкен миссия арқалап келіп отыр. Олар Қазақстанмен байланысты нығайтуға күш салатындарын айтты.

Хабарламаларға жазылу