Осы жыл ішінде Қазақстанға келген шетел саясаткерлерінің легі бір толастаған жоқ

24.12.2017

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Араб елдерінің саммиті, жеке ресми сапарлар. Оның сыртында «ЭКСПО» көрмесіне келген жүздеген мемлекеттік және саяси қайраткерлер. Солардың бәріне Президент уақыт тапты. Дей тұрғанмен, Елбасы ішкі, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді де назардан тыс қалдырған емес. Биылғы жылдың ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің 11 өңірін аралап, облыстарда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс барысымен танысты. Өзі жоспарлап, бекітіп берген «Нұрлы жол», индустрияландыру, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары сияқты мемлекеттік жобалардың орындалуын бағамдады. Халықтың әлеуметтік тұрмысының деңгейімен танысты.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу