Ұлттық банктің алтын валюта қоры 10,2 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банктің алтын валюта қоры 10,2 пайызға өскен

05.11.2017

Апта басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуалы жөнінде мәлімет берілді. Ұлттық банк төрағасы Президентке мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығында тиімді баға қалыптасып отырғаны жөнінде баяндады. Данияр Ақышевтің есебіне сәйкес, Ұлттық банктің алтын валюта қоры 10,2 пайызға өскен, ал еліміздегі инфляция биылғы 9 айда 4,2 пайыз болған. Кездесу барысында Мемлекет басшысы ел қаржысына жауапты банкирге бірқатар нақты тапсырма берді.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу