Қазақстанның алтын-валюта қоры артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның алтын-валюта қоры артып келеді

31.03.2021

Осыдан 26 жыл бұрын Ұлттық банктің қоймасына алғашқы алтын құйма жеткізілді. Содан бері қор толығып, бүгінде Қазақстан әлемдегі алтын қоры бойынша 13-орында тұр. Жаһанды жайлаған пандемия, күрделі экономикалық ахуалға қарамастан былтыр қарашада еліміздің алтын-валюта қорының резерві 33,6 млрд долларға жеткен. Оның 22 млрд-ы таза алтын, 12 млрд-тайы шетел валюталары. Бұл 2019 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 13,8% көп. Резервтің өсуіне алтын портфелінің өсімі ықпал еткен. Салмақпен есептегенде қазір, елімізде 383,3 тонна алтын қоры бар. Соңғы бес жылда Ұлттық банк 215 тонна алтын сатып алып, Қазақстан алтын сатып алу бойынша бестікке кірді.

Армангүл Тоқтамұрат


Хабарламаларға жазылу