«ЭКСПО» көрмесінің аяқталуына тура бір апта қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесінің аяқталуына тура бір апта қалды

03.09.2017

2017 жылдың басты оқиғасы – бұл Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО» көрмесі. Төрткүл дүние назарын Қазақстанға аударған халықаралық шараның аяқталуына тура бір апта қалды. 3 айға жуық уақыт ішінде көрме аясында атқарылған іс-шара көп. Елеулі оқиғаның ел экономикасының барлық секторының дамуына оң серпін бергені анық. Ел бюджетіне қосымша қаражат түсті, жаңа жұмыс орындары ашылды. Осылайша, ұлттық жоба дағдарысқа қарсы бағдарламаға айналып отыр. Әрине, сын да, мін де болды. Дегенмен, оның нақты нәтижесі көрме аяқталғаннан кейін мәлім болады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу