Осы аптада Елбасы Нобель сыйлығының лауреаттарымен және белгілі экономистермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Елбасы Нобель сыйлығының лауреаттарымен және белгілі экономистермен кездесті

18.06.2017

Президент алдымен мәртебелі меймандарға 10-шы Астана экономикалық форумына келгендері үшін алғыс айтты. «Сарапшылармен жүздесіп, әңгімелесу әрқашан қызықты. Әсіресе, әлемде елеулі өзгерістер болып жатқан қазіргі заманда мұндай кездесудің, пікір алмасудың маңызы зор» - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық технологиялық даму зор қарқын алып отырғанына тоқталып, Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің тақырыбы өзекті екенін атап өтті.

Сан-тараптан келген сарабдал сарапшылар жаһандық мәселелер бойынша өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Соңғы кездері жаһан сөз қылып жүрген «жасыл» экономика тақырыбына да кеңінен тоқталды. Ықпалды экономистер бұл тұрғыда ресми Астана өзгелерге үлгі екенін айтты. 

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ               

Хабарламаларға жазылу