Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

23.05.2016
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

24 мамырда Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы аясында елімізге Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясына қатысу үшін келетін Халықаралық валюта қорының өкімші-директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты. 

25 мамырда Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының негізгі даму бағыттарын, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктің басымдықтарын пайдалану және еліміздің халықаралық аренадағы бастамаларын ілгерілету қадамдарын талқылау үшін Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездеседі.

26 мамырда Нұрсұлтан Назарбаевтың IX Астана экономикалық форумына қатысуы және «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің мүшелерімен, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаттарымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізуі жоспарланған.

27 мамырда Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысын өткізу жоспарланған. Оның аясында Кеңес мүшелерімен – трансұлттық ірі компаниялардың басшыларымен жекелеген кездесулер өтеді.

Хабарламаларға жазылу