Елбасы: Астана экономикалық форумы10 жылда ашық пікірталасқа арналған маңызды халықаралық алаң ретінде танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы: Астана экономикалық форумы10 жылда ашық пікірталасқа арналған маңызды халықаралық алаң ретінде танылды

18.06.2017

Астана экономикалық форумы елордада осымен оныншы рет өткізіліп отыр. Жаһанның 100-ге жуық елінен 4 мыңнан  аса өкіл келді. Талқыланатын тақырып – жалпыға ортақ. Әлемдік қаржылық ахуалды реттеп, экономикалық дамудың жолдарын қарастыру.

Халықаралық жиынның «Жаңа энергия – жаңа экономика» деп аталуының өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбымен үндес. Биылғы басқосуға жиылғандар әлемдегі қиындықтарға қарамастан экономиканы дамытып, энергияны жаңғырту жолдарын қарастырды.

Астана форумы тұтас әлем мен жеке-жеке мемлекеттер үшін маңызды бастамалар мен тың идеялар және тиімді шешімдер қабылданатын жиынға айналды. Оны халықаралық басқосуға  келген сарапшылар да растады. Нұрсұлтан Назарбаев көтерген бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді. Өйткені, 25 жылда Қазақстанды әлемге танытқан саясаттың, дүниежүзіне берер пайдасы мол, - дейді олар. 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу