«Мәңгілік елге айналу жолында Конституцияның рөлі зор - Еркеш Нұрпейсов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәңгілік елге айналу жолында Конституцияның рөлі зор - Еркеш Нұрпейсов

30.08.2017

Осыдан 22 жыл бұрын еліміз үшін маңызды құжат қабылданып, 30-тамыз еліміздің Конституциясының күні болып бекітілді. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері де Конституцияда көрсетілген қағидаттар төңірегінде топтаса білді. Конституция еліміздің басты құндылығы - бейбітшілік пен тұрақтылықты бекітті.

Аз уақыттың ішінде Қазақстан жаңа құқықтық жүйесі, экономикалық құрылымы, азаматтық қоғамы қалыптасқан мемлекет ретінде әлемге танылды. Ал, 1995 жылы 30-тамызда қабылданған еліміздің ең басты құжаты Қазақстанның сан ғасырлық тарихында жаңаша бір даму сатысына көтерілуінің айрықша да айтулы оқиғасы болды. Осы сәтте мемлекет пен жеке адамның мүдделерін жақындататын, біріктіретін демократиялық құқықтық әлеуметтік ерікті қоғам құруға кеңінен жол ашылды.

«Біз елімізді мәңгілік ел қыламыз деген әрекет жасап жатырмыз. Халықты сол мәңгілік елге апару үшін Конституцияның рөлі зор», - дейді заңгер Еркеш Нұрпейсов.
22 жылдың бедерінде еліміздің заңы уақыт сынынан өтіп, өзінің өміршеңдігін, орнықтылығын дәлелдеді. Оның құрылымы халықаралық стандарттарға сай және қоғам дамуының үрдісімен тығыз байланысты. Қазірде адамдардың болашаққа деген көзқарасы өзгерген. Мемлекетіміздің одан әрі дамып, гүлденуіне сенім қарайды.

«Біз Конституцияны «еліміздің Ата заңы» дейміз. Атасын сыйлаған адам еш жерде кемістік көрмейді», дейді академик, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаев.

Ата заң әлеуеті үстемдік алған мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік әділетті, экономикалық еркін ел ретінде берік іргетасын нығайта түсті. Ел талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыз біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституция - мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары.

Хабарламаларға жазылу