Шавкат Мирзиеев пен Нұрсұлтан Назарбаев Астананың бірқатар нысандарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шавкат Мирзиеев пен Нұрсұлтан Назарбаев Астананың бірқатар нысандарын аралады

26.03.2017

Ақордада сәтті аяқталған ресми кездесуден кейін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананы аралауға да уақыт тапты. Елордада әлемдік деңгейде салынған үздік оқу орны мен өнер ордасына барып, ЭКСПО-ны аралады.

Ал, екі елдің іскер топ өкілдері болса, бизнес форум өткізіп, тоқсанға жуық келісімшарт жасады. Кәсіпкерлер әсіресе жеңіл өнеркәсіп, автокөлік, фармацевтика саласында ынтымақ орнатуға ынталы екенін аңғартты.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу