Президент көтерген мәселе ешкімді енжар қалдырмасы анық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент көтерген мәселе ешкімді енжар қалдырмасы анық

10.04.2016
Президент көтерген мәселе ешкімді енжар қалдырмасы анық
ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков «Apta.kz»-ке сұхбат берді.

Рас, әлем қазір төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Дүниенің қай түкпірінде болсын, тұрғындар ғылым дамыған сайын Жер бетінде мамыражай тірлік орнап, көретін игілік еселеніп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды деп ойлайды.

Алайда, империялық пиғылдар осы ғылым мен озық технологияны керісінше адамзаттың әлеуметтік тұрмысынан гөрі, әскери өнеркәсіптің әлеуетін арттыруға пайдаланып отырғаны уайымды күшейтіп, алаңды арттырады.

Ал, шекара танымайтын террор деген құбыжық та құтырынып тұр. Адамзаттың ақыл-ойының орасан зор жетістіктері мен мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан тарихи жәдігерлерді бір мезетте қарулы қақтығыстар мен жарылыстың құрбаны ету түк болмай қалды.

Мәселен, атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік «МАГАТЭ»-нің өзі жыл сайын әлемде радиоактивті заттардың жоғалуына қатысты шамамен 100 оқиға тіркелетінін алға тартып отыр.

Ал, Әл-Кайда болсын, «ДАИШ» болсын, өзге де атышулы лаңкестік ұйымдар әлемдегі ықпалын арттыру үшін ядролық қаруға ие болуға құштар. Мінекей, ғаламшарға, әлемдік жүйеге біз бажайлай бермегенмен, алапат қауіп-қатер төніп тұр.

Дүние алып амбициялардың құрсауында қалып, қорқыныш үрейі иектеген тұста Президент көтерген мәселе ешкімді енжар қалдырмасы анық.

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу