Басты Жаңалықтар Жол салу мен жөндеудің сапасы бақылауда

Жол салу мен жөндеудің сапасы бақылауда

Жол жөндеу жұмыстарының сапасы бақылауда. Мамандар биыл Ақтөбе облысында 145 нысанды тексеріп, 167 ақау анықтады.

Құрылыс компаниялары осы уақытқа дейін оның жүзін жойған. Қалғандары да кепілдік мерзімі аясында қалпына келтіріледі. Қазір өңірде 1 122 шақырым жол жөнделіп жатыр. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің мамандары республикалық, облыстық маңыздағы жолдардан бөлек ауылішілік жолдарды да тексереді. Облыс орталығында 24, аудандар мен елді мекен көшелерін жаңарту бойынша 64 учаскеде жұмыс жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аймақтағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 88 пайызға жетеді.

Амангелді Қазиев, жол құрылысының инженері:

Жыл басынан 145 нысан бойынша 1 245 шығу ұйымдастырылып, 3051 сынама алынған болатын. 290 нормативке сәйкес келмей, 174-і қайта жөнделген болатын.

Бөлісу