Келер жылдан бастап отандық медицина түгел реформаланады.
Осы «100 нақты қадамда» білім сапасын жетілдіруге баса назар аударылған. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкенде, 1-сынып 24 түрлі оқу бағдарламасымен, ал негізгі және жоғары сыныптар 84 түрлі оқу бағдарламасы бойынша білім алады. Мұғалімдер үшін 22 түрлі жаңа әдістеме дайындалды. Бүгінгі таңда еліміздегі 117 білім ошағында үш тілде оқыту жүйесі енгізілген.
Ұлт жоспарында басымдық берілген тағы бір сала – денсаулық саласы. Келер жылдан бастап отандық медицина түгел реформаланады. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» енгізіледі.
Ол үшін жұмыс беруші ай сайын міндетті медициналық сақтандыру қорына қызметкер жалақысының 5 пайызын, ал жұмысшы 2019 жылдан бастап айлығының 1, одан кейінгі жылдары 2 пайызын аударып отырады. Жұмыссыздар мен әлеуметтік әлсіз топтар үшін қаражатты мемлекет төлейді.
Ұлт жоспарындағы үлкен сала - елдің көлік-транзиттік логистикалық әлеуетін арттыру. Осы мақсатта «ҚазАвтоЖол» Ұлттық операторы бірнеше ірі жобаны қолға алды. Қазір, республикалық маңызы бар 4 ірі жол бастан аяқ жөнделіп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға 2,6 миллиард доллар инвестиция құйылды.
Ұлт жоспарының 41-қадамы мүлікті жария ету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған. Заңдастыру шарасы басталғалы жалпы құны 1 триллион 220 миллиард теңгенің мүліктерін жария етуге 82 мыңдай өтініш түскен.
Оның 1 триллион теңгеге жуығы жария етілді. Оның ішінде шет мемлекеттердегі мүліктерді жария ету үшін 48 декларация тапсырылған. Оның құны 1 миллиард 755 миллион теңге. Нәтижесінде 47 нысан заңдастырылған.
Айнұр ОМАР