Елбасы облыста атқарылып жатқан шаруалармен танысып, ақтөбелік еңбекші қауыммен ежен-жарқын сөйлесті.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Батыс аймақтарға сапары Ақтөбеде жалғасты. Елбасы облыста атқарылып жатқан шаруалармен танысып, ақтөбелік еңбекші қауыммен ежен-жарқын сөйлесті.
Жалпы, Ақтөбе ел экономикасында ерекше орны бар облыс. Республикалық бюджеттің бойына қан жүгіртіп отырған төрт донор өлкенің бірі. Индустриялдық-инновациялық бағдарлама аясында аймақта 91 өндіріс орны ашылған.
Ол жерден 13 мыңға жуық ақтөбелік жұмыс тапты. Сондай ілкімді жобалардың бірі - «Ақтөбе жылыжай» серіктестігі. 3 гектар жылыжайда қызанақ өсіріледі. Осы жылыжайдың арқасында Ақтөбе мен Ресейдің көрші аймақтары жыл он екі ай қызанақтан қол үзбейді.
Нысан құрылысына «ҚазАгроҚаржы» несие берген. Жоба құны 1,7 миллиард теңге. Кәсіпорын жыл соңына дейін, қияр өсіруді қолға алмақ. Бұдан бөлек, Президент мұнай жабдықтарын шығаратын зауытқа аялдап, Назарбаев зияткерлік мектебіне барды.
Сапар соңында, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған жастар форумына қатысты. Жалынды жастармен жолығып, ел үшін еңбек ету асыл іс екенін айтты.
Оралдан кейін бірден ат басын Ақтөбе бұрған Мемлекет басшысы алдымен жылыжай кешеніне аялдады. Елбасы 3 мың шаршы метр аумақты алып жатқан нысанды аралап, көкөніс өндірісін өз көзімен көрді. Кәсіпорын жылына 1500 тонна қызанақ дайындайды.
«Ақтөбе жылыжай» серіктестігі әр шаршы метрден 45 келі өнім алып отыр. Испандық технологиямен қызанақтың голландиялық сұрыпы өсіріледі. Осы жерде Елбасы аймақтың ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілермен де жүздесті.
Нұрсұлтан Назарбаев Жер жүзіндегі адам саны күн сайын өсіп келе жатқанын мысал етті. Жеті миллиард адам мұнай сатып алмаса да, азық-түлікті тұрақты түрде тұтынарын еске салды. Сол себепті, Қазақстан табиғи таза өнім өндіруші алпауытқа айналуы тиіс , - деді Ел Президенті.
Бізде ауыл шаруашылығына қатысты ғылым дамымай тұрғанын мойындауымыз қажет. Бұл Елбасының сын пікірі. Ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімнің 4 пайызын ғана иемденіп отыр.
«Миллиардтап субсидия алатын сала неге кенжелеп тұр», деген сауалдың қойылуы да заңды. «Аграрлық сала ел экономикасы арқа сүйейтін көшбасшыға айналады». Бұл отандық шаруалардың Президентке берген уәдесі.
Сапардың екінші күні Елбасы мұнай жабдықтарын шығаратын зауытқа барды. Нұрсұлтан Назарбаев ұжыммен жүздесіп, зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын жабдықтарын жаңартқан. Құны 8-миллион еуро тұратын қондырғының жер бетінде баламасы жоқ. Швейцариялық агрегат 35 секундта бір сорғы штанга шығарады.
Осы өндірістің басында Елбасы индустриялдық-инновациялық бағдарлама бойынша аймақта қолға алынған серпінді жобалармен танысты. Өңірдің іскер топ өкілдерімен де кездесті. Былтыр жеті бірдей серпінді жобаны іске қосқан өңір, биыл 10 өндірісті іске қоспақ. Олардың барлығы тек инновацияға негізделген.
Қазір кәсіпорында 200-ден астам адам еңбек етеді. Орташа жалақы 150 мың теңге. Кәсіпорын Қазақстанның мұнай өндіруші компанияларының сұранысын толығымен өтеп отыр. Ал, өнімді Ресей, Әзірбайжан және Иранға экспорттау туралы келіссөздер аяқталуға жақын.
Гасал Мусин, «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытының» бас директоры:
Біздің зауыт Қазақстан сорғы штангаларын өндіретін жалғыз өндіріс. Біз оны жай ғана өндіріп қана қоймай, америкалық «АЙПИАЙ» стандарттарына сай өндіреміз. Бір сөзбен халықаралық стандарттарға толығымен сай.
Ғабит Бөкенбай, тілші:
Назарбаев зияткерлік мектебі. Жарнамасы жер жарып тұрған оқу ордасына баласын бергісі келмейтін ата-ана қазір кемде-кем. Темірдей тәртіп пен сапалы білім стандарты осы оқу орнын өзгелерден оқ бойы оздырып тұр.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге сапары кезінде, осы мектепке арнайы ат басын бұрды. Білім ордасында 202 педагог жұмыс істейді. Оның 17-сі шетелдік.
720 шәкірт физика-математика пәндерін тереңдетіп оқиды. Мұндағы оқушылардың бәрі ғылымға жастайынан бет бұрған. Ең үздік жобалар Мемлекет басшысының назарына ұсынылды.
Назерке Төреханова, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушысы /Ақтөбе/:
Мен Президентке йогурттың құрамын зерттеген жобамды ұсындым.
Жас ғалымдардың алғашқы қадамдары Нұрсұлтан Назарбаевтың көңілінен шықты. Әсіресе, 10 сынып оқушысы Нұржан ойлап тапқан қондырғы, тоқты табиғи жолмен табуға мүмкіндік бермек.
Нұржан Есенбаев, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушысы /Ақтөбе/:
Мен бұл жобаны Елбасына таныстырған болатынмын. Бұл жасыл энергетиканың бір мысалы.
Ал, 12 сынып оқушылары Мемлекет басшысына суды мұнай қалдықтарынан тазарту тәсілі туралы баяндап берді.
Ат шаптырым аумақты алып жатқан мектепте оқушылардың біліммен де, спортпен де шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Ал, шалғайдан келген шәкірттер үшін 120 орындық жатақхана бар. Ауыл мектебінен түлеп, қазір Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы атанған бір топ жас өрен Елбасымен жеке кездесті.
Бұдан соң Мемлекет басшысы «Жастық. Жігер. Еңбек» атты республикалық форум жұмысына қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев бірлігі мықты елдің тірлігі түзу болатынын айтты. Кез келген қиындық еңсеріледі, бәрінен де елдің тыныштығы қымбат.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
25 жылда ұрпақтың білімі кемел. Бәрін жасап жатқан елміз. Елдің ертеңгі иелері сенсіңдер.
Азаттықтың арқасында Алаш ұландарының айдарынан жел есіп тұр. Қазір Жер жүзінде олар оқымаған оқу орны жоқ. Білімді, рухы азат жас қырандар кемелді келешектің кепілі, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл мүлдем басқа ұрпақ. Зияткерлік мектептер аштық. Жас өрендердің қазірдің өзінде білім, ғылым саласында істеп жатқан қадамдарына қатты қуандым.
Болашақтың бекем болмағы - бүгіннен басталады. 1993 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаев жастардың сапалы білім алуына қолқабыс жасап келеді. Бір ғана «Болашақ» бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам адам шетелде білім алған. Олардың көбі қазір абыройлы қызметте жүр.

Әсіресе, шетелде «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген жастарға сенім мол.
Мемлекет басшысы күн тәртібіндегі өзекті мәселе сайлау тақырыбына да тоқталды. Жас ұрпақтың дұрыс таңдау жасайтынына сенім білдірді.

«Нұр Отан» партиясы берген уәдесінің мерзімінен бұрын орындайтын істің партиясы екенін дәлелдеп келеді. Бүгінде, «Нұр Отан» партиясы мен жариялаған жоспармен алға жүріп барады.
Олар 5 институционалдық реформа, «100 нақты қадам», Индустриялдық бағдарлама мен «Нұрлы жол» бағдарламасы. Осы сайлауда да осы қолдау көрсетеді дегенге сенімдімін. Біздің жас ұрпақ осы сайлауға белсенді түрде сайлауға қатысып, өз болашағы үшін дұрыс таңдау жасайды, дегенге сенгім келеді.
Форумда қажыр-қайраты мен қабілетінің арқасында елге танылып үлгерген жастар сөз алды. Елбасына деген перзенттік алғысын айтты.
«Жастық. Жігер. Еңбек» деп, ат қойылып, айдар тағылған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен үш мыңға жуық жас өрен қатысу үшін арнайы келген. Бәрінің тілегі, жүрегі, ниеті бір. Ол болашаққа деген нық сенім.
Ғабит БӨКЕНБАЙ