Осы аптада еліміздің барлық аумағында сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады
Осы апта Орталық сайлау комиссиясы Ассамблея атынан ұсынылған кандидаттарды тіркеу туралы қаулы қабылдап, аталған ұйым кеңесі ұсынған 9 үміткерді тіркеді.
Парламент Мәжілісі депутатттығынан үміткерлердің жетеуі ер адам болса, екеуі әйел. Олардың төртеуі ғылым, мәдениет және білім саласының қызметкері. Үшеуі Мәжілістің 5-шақырылымының депутаттары болған. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы шетелдік байқаушыларды аккредиттеуді жалғастыруда. Парламент сайлауына қатысу үшін 45 елден 308 халықаралық байқаушы мен 116 шетелдік БАҚ өкілдері тіркелді. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйым өкілдерін тізімдеу 14-наурызға дейін жалғасады.
Барлық облыстарда сайлау учаскелері құрылып, заң талаптарына сай материалдық-техникалық базалармен жабдықталды. Сайлаушылардың тізімін түзіп, дауыс берушілердің саны нақтыланды. Электоратының қарасы қалың. Оңтүстік Қазақстан облысының өзінен сайлауға 1 миллион 317 мыңнан астам адам қатысатыны мәлім болып отыр. Өңірде барлығы 1 мың 74 сайлау учаскесі жасақталған.
Айбек ҚОБДАБАЙ

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00