Әлем экономикасы әлсіреп барады
Мұны аптаның ортасында Халықаралық валюта қоры ескертті.
Әлем экономикасы әлсіреп барады. Және де ол оқыс сілкіністердің алдында дәрменсіз. Мұны аптаның ортасында Халықаралық валюта қоры ескертті.
Ұйым сарапшыларының мәліметіне жүгінсек, ғаламдық өндірістегі құлдырауға қаржылық тұрақсыздық пен активтердің арзандауы себепші. Бұл туралы баяндама Шанхайда «Үлкен жиырмалық» елдерінің қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының кездесуі қарсаңында жарияланды.
Қордың болжамынша, биыл дүниежүзілік жалпы ішкі өнім 3,4 пайызға артады. Бірақ, мұнай бағасының түсуі, геосаяси жанжалдар, Қытайдан капиталдың көптеп қашуы осы көрсеткіштің өзін төмендетіп жіберуі мүмкін.
Сонымен қатар, Шанхай жиынында Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығу ниеті, Таяу Шығыс елдеріндегі соғыстан қашқан мигранттар мәселесі, Қытай экономикасының баяулауы да жан-жақты талқыланды.
Қытай демекші, оның Мемлекеттік кеңесінің премьері бейнежолдау арқылы мәлімдегендей, ғаламдық өндіріс қарқынын одан әрі әлсіретпеу үшін дамыған және дамушы елдер күш біріктіруі керек.
Ли Кэцян, Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері:
Макроэкономикалық саясат үйлесімділігі әрі қарай нығаюы керек. Әлемдегі экономикалық және қаржылық жағдай тіпті күрделене түсуі мүмкін. Сондықтан, дүниежүзі елдерінің күш біріктіп, қиындықтарға төтеп беретін уақыты жетті.
Арыстан РЫСБЕК

Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05