Онда елдің Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру және көші-қон саясатына қатысты мәселе талқыланды.
Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Онда елдің Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру және көші-қон саясатына қатысты мәселе талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қауіпсіздік Кеңесінің бүгінгі отырысында біз қабылдаған бұрынғы шешімдерді, бағдарламалардың орындалғанын тыңдайтын боламыз. Ішкі миграция мен сыртқы миграция жөніндегі барлық екі мәселені қараймыз.
Соның ішінде барлық саладағы қауіпсіздік, істеліп жатқан жұмысы қазіргі, болашақта қандай жұмыс істеуіміз керек, төңірегімізде болып жатқан ахуалды сараптау керек.
Миграция жөнінен де айтатын мәселе көп. Ақылдасып, бірге шешімдер қабылдауымыз керек. 2015 жылға қабылдаған шешімдеріміздің қалай орындалғанын қарау мәселесі, екінші жағынан көші-қон, миграция мәселелері.
Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық экономикалық дағдарыстың кері әсеріне қарамастан, мемлекет әлеуметтік міндеттерді қатаң орындайтынын әрі қорғаныс, қауіпсіздік, құқық қорғау органдарының қабілеттілігін арттыруға күш салатынын айтты.
Жиында Президент көмекшісі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев алдағы жоспарымен бөлісті. Қазіргі қиын жағдайда, ел Үкіметі тұрғындардың тұрмысын жақсарту үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатқанын баяндады.
Жиын соңында Президент Үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік кеңесіне жүктеді.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Президенті көмекшісі, Қауіпсіздік Кеңестің хатшысы:
Атап айтқанда, экономикалық қауіпсіздік саласында Үкіметке және жергілікті органдарға жұмыс орындарын сақтау, жалақысын уақытында төлеу және экономиканы диверсификациялау жөнінде тапсырмалар берілді.
Екіншіден, миграция саласында біздің басқа елден келген қандастарымызға жұмыс, білім беру. Қазақстан аймақтары бойынша тиімді пайдалану жөнінде жоспарлар белгіленіп, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.
Айбек ҚОБДАБАЙ