Бірақ, ДАИШ пен Жабхад-әл-Нусуриге қарсы шабуыл тоқтамайды.
Осы аптаның басты халықаралық жаңалығы, сөз жоқ, Сириядағы соғысты тоқтату туралы келісімнің жасалуы. Ымыра жұмадан сенбіге қараған түні күшіне еніп, Араб Республикасында бес жылдан бері алғаш рет тыныштық орнай бастады. Ендігі мақсат – оппозиция мен билікті бір үстелдің басына отырғызып, бейбітшілікке көндіру.
Егер АҚШ пен Ресей бұл жоспарды қабылдамағанда, әлем тағы бір үлкен соғысқа куә болуы мүмкін еді. Өйткені, Түркия мен Сауд Арабиясы соңғы кездері жеңіле бастаған сүнниттік көтерілісшілерге көмектесу үшін Сирияға әскер кіргізеді деген әңгіме жиілеп кетті.
Қарсы жақтан, президент Асадтың одақтасы Иран да өз қарулы күштерін жоғары дайындыққа көшірді. Ресей онсыз да сол соғыстың ішінде жүр. Осынау сындарлы шақта Обама Путинге де, Ердоғанға да хабарласты.
Америка президенті екі әріптесін де райынан қайтарған тәрізді. Өшпенділікті доғару, бейбітшілік және Вашингтонның «Б» жоспары. Сирияға «Араб көктемі» 2011 жылдың басында жетті. Елде саяси-экономикалық рефорларды жүргізуді талап еткен шерулер президент Башар Асадтың билігіне қарсы акцияға ұласты. Үкімет армиясы қарап қалған жоқ. Көшеге шыққан мыңдаған адамға оқ атты. Талай тұрғын құрбан болды.
Революция сол жылы-ақ азаматтық соғысқа ұласты. Қоғам шиит, сүннит, күрд болып үшке жарылды. Бес жылда кемінде 250 мың адам қаза тауып, 11 миллион сириялық үйлерін тастап кеткен. Сол босқындардың 4 миллиондайы Түркия, Иордания, Ливан, Еуропа асты.
Сүннит мұсылмандардан құрылған оппозициялық күштер жағында – АҚШ, Сауд Арабиясы, Түркия және өзге де араб мемлекеттері бар. Биліктегі шииттер мен олардың жақтастарын Иран, Ресей, ливандық «Хезболла» қолдап отыр.
Осынау алмағайып шақта елде «ДАИШ», «Нұсра майданы» тәрізді радикалдық қарулы топтар да бой көрсетіп, мемлекет территориясының айтарлықтай бөлігін басып алды.
Осы аптада алғаш рет бұл қанды қырғынды тоқтатуға үлкен қадам жасалды. Ақпанның 22-де Ресей мен АҚШ Сирияда «жауласуды доғару» туралы жоспар жариялады. Оған сәйкес, Араб Республикасындағы барлық соғысушы тараптар Дамаскі уақытымен жұмадан сенбіге қараған түнгі сағат 00:00-де атысты тоқтатуы тиіс.
Бірақ, бұл келісімнің күші «ДАИШ» пен «Нұсра майданына» жүрмейді. Өйткені, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша, олар – террористік ұйымдар. Демек, бұл топтарға қарсы күрес жалғаса бермек.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
Оппозиция Сирия Араб Республикасының қарулы күштері мен оларды қолдаушы топтарға қарсы соғысты тоқтатады. «ДАИШ» пен «Нұсра майданына» және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі террористік ұйымдар тізіміне қосқан топтарға келсек, олар бұл режимге кірмейді. Оларға соққы беру операциялары әрі қарай да жалғасады.
Ресей-АҚШ жоспары бойынша, Сирия армиясы мен оның одақтастары және оппозициялық күштер бір-біріне зымыран жібермейді, снаряд жаудырмайды, танкіге қарсы ракета қолданбайды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мәлімдегендей, Мұның нәтижесінде зорлық-зомбылық азайып, қоршаудағы аудандарға гуманитарлық көмек жеткізуге болады.
Сонымен қатар, ымыра жүзеге асып жатса, Сирияда билікті саяси жолмен өзгертуге мүмкіндік туады. Бұл жоспарды Араб Республикасының үкіметі де, оппозициясы да қолдады.
Алайда, «ДАИШ» пен «Нұсра майданын» сылтау етіп, Асад әскері мен оның одақтастары оппозицияны бомбалауды жалғастырып, ымыра тәртібі орындалмауы да мүмкін.
Сондықтан, АҚШ президенті Барак Обама бұл мәселеде Асад пен Ресейге ескерту жасады. Бірақ, Ақ үй басшысының ойынша, Сирияда соғысты біржолата тоқтату мүмкін емес.
Барак Обама, АҚШ президенті:
Түсінікті жайт. Сирия режимі халыққа қарсы варварлық соғыс жүргізіп келеді, талай адам азапталды, бомбаланды, аштыққа ұшырады. Сондықтан, сириялықтардың көбі Асадты биліктен кетірмей күресті тоқтатпайды.
Кремль үшін Асад – Ресейдің Таяу Шығыста қалуына кепіл. Ал, атысты тоқтату туралы келісім Мәскеуге Сирия проблемасында Америкамен тікелей стратегиялық серіктес болуға мүмкіндік берді. Екіншіден, бұл ымыра Кремльге әлі ұзаққа созылуы мүмкін соғыстан абыроймен кетуге көмектеседі деген үміт бар.
АҚШ-Ресей жоспары жарияланысымен, президент Башар Асад парламенттік сайлаудың ай-күнін атады. Ол сәуірдің 13-де өтеді. Демек, уақыт аз қалды. Оның үстіне, Сирия аумағының үлкен бөлігіне үкіметтің билігі жүрмейді.
Ал, лаңкестерден төнген қауіп өте жоғары. Осының бәріне қарамастан, Асад елде президенттік сайлау да өткізу қажеттігін абайлап айтып қалды. Соған қарағанда, оны одақтастарының өзі бейбітшілік үшін биліктен кетуге көндіре алмаған тәрізді. Бұл жағдай, әсіресе, Түркия президентін ашындырып отыр.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
Біз Сирия халқының тауқыметін жеңілдететін ымыраны құптаймыз. Бірақ, сол бітімге жарты миллионнан астам адамды өлтірген Асад режимінің кіруі алаңдатады.
Ал, Батыс, Құрама Штаттар, Еуропа одағы, Біріккен Ұлттар Ұйымы адамзатты қорғауға қауқарсыз. Керісінше, олар режим мен оның қолдаушыларының сол жазықсыз халықты қыруына тікелей немесе жанама түрде рұқсат беріп отыр.
Ресей әуе-ғарыш күштері Сириядағы содырлардың бекіністеріне былтыр қыркүйектің 30-нан бастап соққы беруге кірісті. Ал, жыл басында, сол авиациялық шабуылдардың арқасында Сирия армиясы елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында үлкен шабуылға көшті. Алеппо маңында Асад армиясы күрд жасақтарымен күш біріктірді.
Бұған алаңдаған Түркия Сирия шекарасы маңына 60 мыңдай жауынгер, 900-дей танкі шоғырландырды деген мәлімет бар. Түрік әскери ұшақтары болса, күрдтердің позицияларын бомбалады. Анкара тіпті Сирияда жаяу әскер операциясын бастауы мүмкін деген хабар жетті.
Түркияны Сауд Арабиясы қолдап, қарулы күштерінің соғысқа әзір екенін жариялады. Іле-шала Сирия президентінің одақтасы - шиитік Иранның да армиясы жоғары дайындыққа көшірілді.
Қысқасы, соңғы күндері Таяу Шығыс үлкен соғыс қарсаңында тұрды. Сондықтан, бірқатар сарапшылардың болжамынша, бұл жанжалға жол бермеу үшін Обама Путинге хабарласты, Мәскеу мен Вашингтон Сириядағы атысты доғаруға уағдаласты.
Джозеф Бахоут, Карнеги қорының ғылыми қызметкері:
Өкінішісті сол, бұл дағдарыс бес жылға созылып отыр. Ол аймақтық қана емес, халықаралық деңгейде бас қатыратын проблемаға айнала бастады. Түркия мен Сауд Арабиясы бір жақ болып, Иран мен Ресей бір жақ болып, ашық тайталасқа көше бастағанын көруге жақындап қалдық. Мұның бәрі АҚШ үкіметін өте қорқынышты жағдайға душар етті.
Сирияда АҚШ-Ресей келісімі жүзеге аспаса, басқа қандай амал қолданылуы мүмкін? Американың «Уолл Стрит Джорнал» газетінің хабарлауынша, мұндай жағдайда Пентагон мен Орталық барлау басқармасы Обамаға «Б» жоспарын ұсынбақ. Өйткені, АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер Сириядағы ымыраның Мәскеудің кесірінен бұзылатындығына сенімді.
Балама жоспарда Сирия оппозициясына ресейлік ұшақтардың шабуылынан қорғану үшін барлау мәліметтерін беру, Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар жариялау қарастырылған. Ал, «Рейтердің» мәліметіне қарағанда, сириялық көтерілісшілерге шетелден қолдау күшейтіліп, оларға «өзге қару-жарақ түрлері» көбірек беріледі.
Америкада өзге жоспардың әзірленіп жатқанын АҚШ Мемлекеттік хатшысы да жоққа шығармайды. «Бір немесе екі айдан кейін көреміз. Асадқа өтпелі үкімет құруға тура келеді. Болмаса, біз «Б» жоспарын қарастырамыз», - дейді Джон Керри. Ал, Ресей Вашингтонда мұндай жоспардың бар екенін білмейтін болып шықты. Есесіне, екі жақтың байланысы күшейген.
Мария Захарова, РФ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:
Біз Құрама Штаттар өкілдерімен байланыстамыз. Атысты тоқтату процесі белсенді жүргізіліп жатыр. Мәлімет алмасуға кірістік. Және де әскерилермен де байланыс орнаттық.
Ақпанның 27-де сағат 00:00 минутта күшіне енген атысты тоқтату туралы келісім Сирия аумағында жалпы алғанда сақталып отыр деуге болады. Түнгі 00:00-ден кейін Дамаск пен Дераа маңында оқ атылған-ды. Ол да тыйылды.
Яғни, АҚШ-Ресей жоспарын үкімет армиясы мен оппозиция құрамындағы 97 қарулы топ және олардың одақтастары уәделерін орындауға көшті.
Бұл ымыра күшіне енерден бірнеше сағат бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі де Сириядағы соғысты тоқтату туралы резолюцияны бірауыздан мақұлдады.
АҚШ-Ресей жоспарының негізгі мақсаттарының бірі – жанжалдасушы тараптарды қаруын тастатып, келіссөз үстеліне қайтару еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура мәлімдегендей, Сирия оппозициясы мен үкіметінің бейбіт келіссөздерді наурыздың 7-де қайта басталуы мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК