Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаттары марапатталды
Қордың сыйлығына республика бойынша 100-ден астам үміткер өтініш білдірген.
Осы апта Астанада Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаттары марапатталды. Мәдениет пен өнер, ғылым және техника саласындағы үздіктерді анықтайтын марапат 2008 жылдан бері табысталып келеді.
Қатысушылар музыка, театр және бейнелеу өнері, кинематография, көркем әдебиет, журналистика, физика, математика, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша озық жобаларын ұсынады.
Қордың сыйлығына республика бойынша 100-ден астам үміткер өтініш білдірген. Комиссия 21 лауреатты марапатқа лайық деп шешті. Бұл игі іс конкурстық негізде болашағы мол, жас ғалымдардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған. Жеңімпаздарға арнайы төсбелгілермен қатар, қаржылай сыйақылар да табыс етілді.
Нұржан Сауытбеков, суретші:
Негізінде тарихи тақырыптағы суреттерді саламын. Бұл сыйлықты «Қорқыт ата», «Алпамыс» картиналарым үшін алдым.
Сүндет Байғожин, «Астана Опера» театрының жетекші солисі:
Мұндай марапаттар өнер адамын шабыттандырады. Бұл бізге берілген бір аванс сияқты. Өнерде жүрген жастарға үлкен қолдау, деп ойлаймын.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТОВА

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25