Онда партия алдағы саяси науқанға орай сайлауалды тұғырнамасын ұсынды.[u][/u]
Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық! Бұл ұран – «Нұр Отаннан». Партия осы аптада 17-ші съезін өткізіп, сайлауда жеңсе Мәжіліске өтеді-ау деген 127 адамның тізімін берді. Сөйтіп, наурыздың 20-на белгіленген сайлауға дайындығын мықтады. Ал біз съездің ұраны болған үш ұғымға қатысты екі ауыз сөз айтсақ.
Бірлік – бірліксіз тірлік жоқ, керісінше айналдырсақ, бірлік бар жерде тірлік бар. Баба қазақ бұл мәселеде бір емес, бірнеше мақал қалдырып, аксиомаға айналдырған. Тіпті, ұрпағымыз ұқпай қалар-ау осы деп, өз қылықтарымен, өз мысалдарымен қайта-қайта дәлелдеп, шегелеп кеткендей көрінеді кейде.
Санада елес есепті қалған жоңғармен соғысты ысырып қойғанда, берідегі, қызыл болып, қылмысты болып, белсенді болып, контр болып, батырақ болып, бай болып екі ұдай, үш жақ, төрт тарап болып бірін-бірі көрсеткен кезеңді де кеше ғана өткердік.
Ал, ұлыстар мәселесіне келсек, айдың-күннің аманында жерінің бір пұшпағынан айырылып қалған Грузия, Украина мәселелері сабақ болуы тиіс. Яғни, бірлік ұғымы біздей ел үшін, қазіргідей заман үшін өте мәнді. Тіпті, бұл ұран көз қылу үшін секілді көрінсе де.
Екінші – тұрақтылық. Бұл өзі жаңағы бірлікпен жамағайын, тіпті кейде туған бауырдай жақын ұғымға айналды. Дамушы жұрттарды саяси тұрақтылық – экономикалық тұрақтылыққа бастайды. Бұл екі тұрақтылық сіздің отбасыңыз, ошақ қасыңыздың тыныштығына кепіл.
Сергелдең болған Сирия жұртын, әрі-сәрі күй кешкен Украинаның кейбір облыстарындағы жұртты, Еуропада жөңкілген мигранттар тағдырын дұрыстап мысалға алсаңыз, құдайыға қой атарыңыз даусыз. Рас, дәл бүгін экономикалық ахуал мәз емес, бірақ тұрақтылық бар. Ал, тұрақтылық ертеңге деген үміт пен сенімге кепіл.
Жасампаздықты – жаңағы бірлік пен тұрақтылықтың бел баласына балауға болар. Әр дүбірге қиқу қосқан әсемпаздан айналып келгенде, жасампаздың озары көп мысалды қажет етпейтін шындық.
Жасау, істеу, ұғыну, ұмтылу бұл ғасырдың ашқан жаңалығы емес, бұрыннан қалған өсиет. «Түстік ғұмырың қалса, күндік мал жи», дегенде қазақ шал сол жасампаздықты меңзесе керек. Сонымен, «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп ұран салған 17-ші съезд қалай өтті?
Ғабит Бөкенбай, тілші:
Бүгін «Нұр Отан» партиясы үшін тарихи күн. Өйткені, еліміздегі ең беделді саяси ұйымының кезектен тыс 17-ші съезі партияның 17 жасқа толуымен тұспа-тұс келіп отыр.
Енді, тура 30 күннен кейін «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 17 жыл толады. Бұл 17 жыл партия үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», жұмылу – жылдары болғаны рас.
Елбасы алдымен халықтық 5 реформаның мән-мазмұнына тоқталды. Осы бес саланы жіліктеп шықсақ. Алдымен, кәсіби мемлекеттік аппарат құру қажет. Мемлекеттік қызметке тұратын тұлға үш сатылы іріктеуден өтеді.
Еңбегіне сай өнбегі. Мемлекеттік қызметкердің өсу жолы мен жалақысы таза оның табан ет, маңдай теріне тікелей байланысты. Заңның үстемдігі - бұл екінші басымдық. Осы орайда бес сатылы сот жүйесі, үш сатыға дейін кеміді.
Инвестициялық климатты жақсарту үшін, арнайы инвестициялық сот жүйесі құрылды. Үшінші міндет – үдемелі индустриялдық-инновациялық бағдарламаны дамыту.
Төртінші реформа – бірыңғай ұлт қалыптастыру. Шындығында, бүгінгідей аласапыран заманда қоғамда саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау өте маңызды. Бұл ретте Қазақстанда қалыптасқан өзіндік сара да дара жол бар.
Соңғы 17 жылда Қазақстанның Ішкі жалпы өнімі 20 есеге артып, ел экономикасының ауқымы 23 есеге ұлғайды. Соңғы 6 жылда экономиканың 28 жаңа саласы пайда болды. 890 өндіріс іске қосылды. Бұрын елде өндірілмеген 400 жаңа өнім түрі өндіріске енді.
Бесінші реформа - ашық әрі есеп беретін мемлекет құру. Бұл ретте қоғамдық кеңестің рөлі күшейіп, орталық орган басшыларының халық алдында есеп беру жүйесі енгізілді.
«Озық отыз елдің қатарына бастайтын 5 реформа «сол есіктің кілті», -деді Елбасы. Мемлекеттік аппараттың барлық мүшелері мейлі ол ауыл, мейлі қала болсын бәрі жұдырықтай жұмылып, жұмысқа кірісуі қажет.
Мың құбылған мұнай бағасы Қазақстан үшін жаңа мүмкіндік. Енді, энерго ресуртарға иек артып отыра бермей, экономиканы әртараптандыруға бет бұрған абзал.
Теңгенің еркін айналымға жіберілуі дұрыс шешім. Бұл ел экономикасының еңсесін түсірмей, қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін жасалған қадам. Нұрсұлтан Назарбаев «мұны әрбір қазақстандық дұрыс түсінуі тиіс»,-деді.
Мемлекет кәсіпкерлікті қолдауға 100 миллиард теңге бөліп отыр. Шағын бизнесті несиелеу жалғасады. Әсіресе, бұл істі ауылдық жерлерде жандандыру керек. Қазір, елімізде 800 нысан жекенің жетегіне беріліп жатыр. Президент осыны айта келіп, тағы бір мәрте Қазақстан топырағынан түлеген ауқатты азаматтарға қаратып сөз айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Байлық та, бақыт та өз еліңде.
Астана мен Алматы ғылым мен инновацияның орталығына айналады. Оның ішінде Назарбаев университетінің рөлі ерекше. Дүниеде болып жатқан тектоникалық өзгерістер адамзаттың болмысы мен тұрмысын тұтас өзгертпек. Сондықтан, басты трэндтерді бағамдау қажет. Өркениет көшіне ғылымға қаржы құйған мемлекеттер ғана ілесе алады.
Шешуші кезеңде бел шеше іске кірісіп, бір ұстынға ұйыған ұлттар ғана ұлы мұраттарға қол жеткізбек. Бұл Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымы. Алдағы 5 жыл біздің мемлекет пен қоғам үшін жаңарудың жарқын жолы болмақ.
Қазақстан жаһанды жайлаған дағдарыстан айналып өте алмайды. Ал «Нұр Отанның» бұған берер жауабы дайын. Ол «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталатын партияның сайлауалды тұғырнамасы.
Нұрсұлтан Назарбаев атап өткен өзекті тақырыптың бірі - террорзим. Бүгінде лаңкестік Таяу Шығыс пен Африка елдерінің ғана бас ауруы емес, алты құрлықты алаңдатқан індетке айналды. Дамыған елдерді шаңырағын шайқалтып жатқан осы қиратушы күш Орталық Азияға келмесіне кім кепіл?!.
Айтылды-орындалды. Бұл «Нұр Отан» ту еткен ұран. Бүкіл әлем сияқты біз де жаһандық экономикалық дағдарыстың соққысын сезіндік. Жағдайдың күрделілігі жылдам әрі батыл шаралар қабылдауды талап етіп отыр,-деді Елбасы.
Құрылтай соңында Парламент Мәжілісіне партия атынан сайлауға қатысатын үміткерлердің тізімі жарияланып, делегаттар партияның саяси кеңесі ұсынған 127 азаматтың кандидаттығын бірауыздан қолдады.
Елбасы соңғы сөзінде 5-ші шақырылым депутаттарына алғыс айтып, бұл жолғы тізімнің 60 пайызға жаңарғанын атап өтті. Алда сайлау. Әр партия үміткерлерін үкілеп, тұғырнамасын тәптіштеп, қызу дайындық үстінде. «Нұр Отан» болса, сол саяси аламанның қақ ортасында.
Ғабит БӨКЕНБАЙ