Бес институттық реформадағы маңызды саланың бірі - индустриялды-инновациялық даму
Бағдарлама бойынша алдымен, елдің энергетика саласы толық әртараптандырылады.
Сонымен, «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың негізгі кезеңі басталды. Естеріңізде болса, былтыр Парламент мемлекетті, экономика мен қоғамды дамытып, жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң қабылдаған.
«100 нақты қадамдағы» негізгі сектордың бірі - индустрияландыру. Бағдарлама бойынша алдымен, елдің энергетика саласы толық әртараптандырылады. Нәтижесінде 2020 жылға қарай ішкі жалпы өнімдегі энергоресурстар үлесін 25 пайыз азайту көзделген.
Ал ғылымсыз өндіріс бекер. Сондықтан, ғылыммен тікелей байланысы бар 65 жоба қолға алынды. Ол жобалар іске асқанда бизнестің инновациялық белсенділігі ІЖӨ-нің 20 пайызына дейін, ал инновациялық өнімдердің үлесі 2,5 пайызға дейін көбейеді.
Көлік логистикасын дамыту мақсатында республикалық маңыздағы 7 мың шақырымнан астам жол қайта жаңартылады. Олар ақылы болмақ, 2022 жылға қарай осы ақылы жолдардан түсетін қаржы 41 миллиард теңгеге жетеді. Елімізді халықаралық көлік дәлізіне айналдыру үшін «Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз» құру жобасы басталды.
Ол жүктердің Азиядан Еуропаға кедергісіз жетуін қамтамасыз етіп, тасымал құны 2 есе арзандайды. Астананы әлемдік қаржы орталығына айналдыру үшін 2019 жылға дейін Токио, Сингапур және Гонконг сияқты жетекші қаржы орталықтарымен әуе қатынасы орнайды.
Айбек ҚОБДАБАЙ

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18
БҚО-да 293 шақырым тасжол жөнделіп жатыр
24.09.2026, 20:16
AI-хакатон қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты
24.09.2026, 20:14
81 жыл: БҰҰ өзгерген әлемге бейімделе ала ма?
24.09.2026, 20:10
Тұрғын үй құрылысы артты
24.09.2026, 20:08