Сириядағы соғысты тоқтату жолында маңызды қадам жасалды
Сенбі күні әлемнің 20 мемлекетінің Сыртқы істер министрлері Венада бас қосып, Араб Республикасында жарты жылдың ішінде өтпелі үкімет құруға келісті.
Сириядағы соғысты тоқтату жолында маңызды қадам жасалды. Сенбі күні әлемнің 20 мемлекетінің Сыртқы істер министрлері Венада бас қосып, Араб Республикасында жарты жылдың ішінде өтпелі үкімет құруға келісті. Және де осы жол картасына сәйкес, Президент Башар Асад пен оппозициялық топтар қаңтардың 1-де келіссөздерді бастауы тиіс.
Болжамдарға қарағанда, алдағы кездесуде тараптар сенімді әрі діншіл емес үкімет құру принциптерін талқылауы мүмкін. Сонымен қатар, министрлер Сирияда 18 айдан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылауымен сайлау өткізуге үміт білдірді. Бірақ, келіссөздерді оппозиция жағынан қандай ұйымдар жүргізуі керек деген мәселенің басы әлі ашылмай отыр.
Австрия астанасындағы жиынға АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Түркия, Сауд Арабиясы, Иран және тағы басқа мемлекеттердің бас дипломаттары қатысты.
Стаффан де Мистура, БҰҰ-ның Сирия жөніндегі елшісі:
Меніңше, аймақтық ойыншылар мен халықаралық қауымдастық Сирия үкіметі мен оппозициясының келіссөздерді тезірек бастауына көмектесе алады. Қаңтардағы кездесу қарсаңында екі жақтың бір-біріне алдын-ала шарт қоймағаны абзал. Тараптар талқылауға кірісуі керек. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл мәселеде оларға жәрдемдесуге дайын.
Арыстан РЫСБЕК

Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар табиғатты қорғаудың тың тәсілдерін паш етті
04.05.2026, 20:27
Astana IT University MIT IDSS-пен серіктестік орнатты
04.05.2026, 20:27
Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлескен фильм түсіреді
04.05.2026, 20:23
Ғалым: Қожа Ахмет Ясауи ілімін терең зерделеу қажет
04.05.2026, 20:21
Өскеменде мектеп түлектері 2500 түп көшет отырғызды
04.05.2026, 20:18
Алматыда екі жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты
04.05.2026, 20:17
Стоматологиядағы қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
04.05.2026, 20:14
Орталық Азияға астық экспорты 48 пайызға артты
04.05.2026, 20:13