Президент Жарлығымен Ұлттық банк төрағасы ауысты
Банктің тізгінін Данияр Ақышев қолға алды.
Президент Жарлығымен Ұлттық банк төрағасы ауысты. Бас банктің тізгінін Президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Ақышев қолға алды.
Ата Заңның талаптарына сай Президент ұсынған кандидатураны Парламент бекітеді. Жоғарғы палата өкілдері бұған дейін 18 жыл Ұлттық банкте қызмет істеп, соңғы кездері Президент әкімшілігінде қызмет атқарған Ақышевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Елде теңге өтімділігінің тапшылығы сезіледі, экономиканы несиелеу көлемі төмендеуде. Бұлар – төмен көрсеткіштер, оларды түзету үшін жұмыс істеу керек. Данияр Ақышевтың білімі мен тәжірибесі оған осы міндетті атқаруға септігін тигізетініне сенімдімін.
Айбек ҚОБДАБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18