Астана инвестициялық форумына келген қадірлі кісілердің бірі – Ксавьер Сала-и-Мартин. Ол -дүниежүзілік экономикалық форумның бас кеңесшісі әрі жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің авторы. Мінберде сөйлеген бас спикерлердің бірі.
Қомақты қаржыны қалай табудің қыр-сырын жетік меңгерген экономист Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалады.
Құрметті, Ксавьер Сала-и-Мартин мырза, Қазақстанға, елордамыз Астанаға қош келдіңіз!
- Қайырлы кеш!
Астана инвестициялық форумынан алған әсеріңізбен бөліссеңіз. Жылда бұл форум Астана экономикалық форумының аясында өтетін. Биыл бөлек ұйымдастырылды. Сыры неде деп ойлайсыз?
- Жаһан жұртына қызықты жобаларды сату - тиімді идея. Бұл жоспар осы инвестициялық форумның аясында жүзеге асып жатыр. Қазақ Үкіметінің инвестиция, құқық, инфррақұрылым және қаржыға қатысты жобаларға ерекше назар аударғаны - жақсы бастама. Әрине, форум туралы жағымды пікірдемін. Былтырлары Астана экономикалық форумының аясында өтетін инвестициялық форумның осы жолы дербес ұйымдастырылуы құптарлық таңдау. Өйткені, бұл - заман талабы, дүниежүзілік экономиканың қалауы десек қателеспейміз.
Ал, инвестициялық форум не береді? Алдымен, үлкен алаңда инвесторларды табуға көмектеседі. Жалпы, менің ойымша, кез келген елге инвесторлардың назарын аудару үшін инфрақұрылым мен материалдық база - жеткіліксіз. Инвесторларға тартымды болудың негізгі кілті - идея мен адам капиталы. Осы екі нәрсеге баса мән беру қажет. Өйткені кез келген бизнестің бастауы – жақсы идеядан. Онсыз ісің өрге баспайды. Бұл - анық.
Мысалы, әлемде жүзеге асқан жемісті жобалардың, яки идеялардың 75 пайызы қарапайым адамдарға тиесілі. Тек 8 пайызы ғана - ғалымдар ашқан жаңалық. Бүгінде белгілі брендтерге айналған «Zara», «McDonald’s» сияқты компаниялардың негізін қалаған – қарапайым сатушылар мен студенттер. Демек, бұдан шығатын қорытынды – өміршең идеясы бар адамның ойын іске асыруына мүмкіндік беру қажет.
Қазір әлем үшін күрделі кезең. Жаһан экономикалық дағдарысты бастан кешіп отыр. Экономиканы барынша әлсіретіп алмаудың жолы қандай?
- Мен тартымды идеялардың тынысын тарылтпау керек деп қайталай беремін. Рас, қазір әлем елдері экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатыр. Бұл тығырықтан шығудың үлкен жолы, жалғыз жолы – инновация. Кез келген дүние ескіреді. Бұрын қолданған жүйе істен шығады. Сол кезде жаңашылдық қажеттігі туады. Яғни, инновация керек. Ал, инновация үнемі ізденісті талап етеді. Пайдасы жоқ ой, жүйесіз жобалар мен бизнес-жоспарлардың орнын жаңа өнімді идеялармен ауыстыру – айтарлықтай нәтиже береді. Бұл тұста инновация деген тек өндірістің ғана емес, өмірдің өзегіне айналуы керек. Сонда ғана дағдарысты еңсеруге болады деп санаймын.
Жаһандық дағдарыс қазір кез келген елге құйылатын инвестиция көлемін азайтты. Жалпы, инвестор тартудың тиімді жолы қандай?
- Әрине, әлемде болып жатқан жағымсыз экономикалық жайттар ешбір елді айналып өтпейді. Қазақстанға да әсер етеді. Жалпы, дағдарыстың ең басты себебі – шикізатқа деген сұраныстан ұсыныстың көбеюі. Бұл жер бетінде мұнай бағасының, түсті металл құнының арзандауына алып келді. Қазір экономикасы шикізатқа тәуелді мемлекеттердің экономикалық жағдайы біраз өзгерді. Сондықтан таусылатын, мәңгі емес табыстардан бас тартып, экономиканы әртараптандыру керек.
Әлгінде айтқанымдай, рецессиядан шығып, жетістікке жетудің жалғыз жолы – инфрақұрылым, қаржымен өлшенбейді. Инвестор жобаңызға назар аударсын десеңіз, еңбек капиталын күшейту керек. Мысалы, сіздер бізде салық төмен деп, Үндістанның инженерлерін көшіп келуге көндіре алмайсыз. Олар Астананың әдемі, биік ғимараттары үшін келе қоймайды. Инвесторды баураудың белгілі жолы – қазақтың білікті инженерлерін даярлау. Менің пікірім, Үкіметтің құятын ең маңызды инвестициясы - адам капиталы болуы керек. Студенттер мен оқушыларға білім беру жүйесін жетілдіріп, оларды креативті ойлауға баулу керек. Содан кейін ғана сіздерде креативті инженер, өнерпаз, математиктер болады. Сол кезде қазақ жеріне инвесторлар ағылады.
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы қандай? Біздің ел инвесторларды несімен баурайды?
- Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін құрылыс саласымен, инфрақұрылымымен және банк жүйесімен тартымды. Әсіресе, жас қала Астанаға қаржы құйғысы келетін инвестор көп. Инвесторға не керек? Әуелі – инвестициялық климат, қолайлы жағдай. Ал, сіздің мемлекет әуелі инвесторға тиімді тетіктерді ұсынып отыр. Бұл - өте маңызды.
Инвестор қаншалықты көп болса, экономика соншылақты қарқынды дамиды. Айта кететін бір жайты, қазір әлемнің дамыған елдері адамның прогресс жасауына көп көңіл бөліп отыр. Мысал айтайын, 1992 жылы Испанияның Севилья қаласында EXPO көрмесі өткен еді. Олар сол кезде жоғары оқу орындарын көптеп ашып, жаңа ғимараттарды тұрғызды, инфрақұрылымды дамытты. Мақсат - бір қалаға бәрін шоғырландырып, экономиканы дамыту болды. Бірақ, үлкен проблемаға тап болды. Білікті мамандар жетпей, бизнес жүрмей қалды. Жоспар аяқталмады, нәтижесіз. Бой көтерген биік ғимараттар 20-30 жыл бос тұрып, сол қалпы қалды. Бұл мысал – сабақ болу керек. Бұдан шығатын қорытынды – қай мемлекетте болмасын, еңбек капиталы төмен болса, мемлекеттің дамуы екіталай.
Астанада қаржы орталығы құрылады. Орталық Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
- Бұл - өте маңызды қадам. Қаржы орталығы, әлбетте, инвесторларды тартуға көп мүмкіндік береді. Әлемнің қалталылары бірінен кейін бірі келе бастайды. Оларды тарту, назарын аудару - әрине, оңай шаруа емес. Бір күндік іспен шектелмейді. Бірақ Қазақстанның қауқары жетеді деп ойлаймын. Ол үшін сіздерге дұрыс менеджмент, макроэкономикалық орта, кәсіби білім, инновациялық компаниялар және қаржы қажет. Соңғысы аса маңызды. Бірақ оның өзі жалғыз болса жетпейді. Бірақ мен тізіп шыққан дүниенің бәрі – өміршең идеяға келіп тіреледі.
Қазақстанның экономиалық потенциалын қалай бағалайсыз? Ел экономикасын әрі қарай дамыту үшін қандай шараларды қолға алған жөн?
- Қазақстан - минералды шикізаттарға бай мемлекет. Мемлекет экономикасының дамуы тек осы ресурстарға ғана байланысты емес қой. Дұрыс па? Бірде-бір мемлекет мұнайдың бағасына қарап, қол қусырып отырмайды. Немесе уранның, темірдің құнына телмірмейді. Олардың құны түссе, басқа да табыс көздерін қарастырады. Қазақстан да солай. Қазір сіздің ел экономиканы әртараптандыруға назар аудара бастады. Құптайтын бастама. Негізі, бюджет табысының басым бөлігі шикізаттан түсетін Қазақстан үшін бағаның жоғары болғаны жақсы. Бірақ қазір олай емес. Бұл уақытша құбылыс деп санаймын. Болашақта Қазақстанның экономикасы өрлейді. Өйткені Қазақстанға қызығатын инвестор көп. Форумның аясында қаншама келісімшартқа қол қойылды. Сол келісімдер – менің сөзімнің дәлелі.
Өте қызықты сұхбат болды. Көп рахмет!
- Рахмет!
Сұхбаттасқан Әсем ИЗАТҚЫЗЫ