Елбасының АҚШ-қа ресми сапары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары басталды

16.01.2018

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары басталды. Президенттің нөмір бірінші ұшағы жергілікті уақытпен кешкі сағат жетілер шамасында Вашингтон қаласына қонды. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтің АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесуі жоспарланған. Мемлекет басшылары екіжақты стратегиялық әріптестікті кеңейту және нығайту жолдарын, сонымен қатар, өңірлік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Бірқатар халықаралық мәселелерді, соның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағасы ретінде Ауғанстандағы жағдайды және жаппай қырып жою қаруын таратпау жөнінде екіжақты ынтымақтастықты талқыламақ.

Хабарламаларға жазылу