Президент Ақмола, Ақтөбе, СҚО және Қостанай облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ақмола, Ақтөбе, СҚО және Қостанай облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті

08.04.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті. Аймақ әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары жөнінде есеп берді. Өңір басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті. Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу