Түркістанда «Көктем -2020» оқу-жаттығуына дайындық басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда «Көктем -2020» оқу-жаттығуына дайындық басталды

18.02.2020

Оған Төтенше жағдайлар департаменті мен Азаматтық қорғаныстың барлық күші тартылған. Олар ойдан шығарылған оқиғаның кейіпкері болды: Жаңбыр көп жауып, «Арыс-Түркістан» каналы арнасынан асқан. Осылайша Тұран ауылын су басқалы тұр. Дабылды естіп, оқиға орнына жеткен құтқарушылар каналдың ернеуін бекітті, арықтардың түбін тазалап, арнасын кеңейтті. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді.

Гүлжазира Ғалиқызы 

Хабарламаларға жазылу