«Қазақстанның Патриоттары Партиясы» мен «Ауыл» партиясында жаңа басшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның Патриоттары Партиясы» мен «Ауыл» партиясында жаңа басшы

30.08.2015
 «Қазақстанның Патриоттары Партиясы» мен «Ауыл» партиясында жаңа басшы

Осы аптада еліміздегі іргелі екі партия өздерінің кезектен тыс құрылтайларын өткізіп, жаңа төрағаларын сайлады. Кешегі жиында «Қазақстанның Патриоттары Партиясының» делегаттары Толымбек Ғәбділәшімовтің кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Ал, осыған дейін партияға жетекшілік еткен Ғани Қасымов «Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы қызметіне ден қою мақсатында партия жетекшілігінен бас тартқанын айтты. Ол алдағы уақытта бизнес өкілдерінің мәселелерін құқықтық және қоғамдық тұрғыдан көтеруге атсалыспақ. 

Ал, «Ауыл» партиясының төрағасы болып Сенат депутаты Әли Бектаев сайланды. Қазақстанның социал-демокартиялық «Ауыл» партиясының да кезектен тыс съезі Астанада өтті.

Партияның бұрынғы жетекшісі Ғани Қалиевтің  айтуынша, «Ауыл» партиясының басы-қасында жаңа көзқарасқа әрі бастамаларға ие көшбасшы жүруі тиіс. Сол себепті съезге қатысушылардың бәрі бұл бастаманы бірауыздан қолдады.

Серғазы Әдекенов, «Ауыл» ҚСДП Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі:

Жаңа өзгеріс – партиямыздағы қазіргі уақыттың талабына сәйкес. Жаңа қойылып отырған бағыт-бағдарламаларды орындауда әрине үлкен серпіліс береді.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу