Қазақстанның азаматтық қоғамы Ақтөбеде орын алған экстремизмнің байқалуын айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның азаматтық қоғамы Ақтөбеде орын алған экстремизмнің байқалуын айыптады

07.06.2016
Қазақстанның азаматтық қоғамы Ақтөбеде орын алған экстремизмнің байқалуын айыптады

Қазақстанның азаматтық қоғамы 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбедегі болған экстремизм оқиғасын сынға алды. Саяси партиялары, Қазақстан халқы ассамблеясы, ҮЕҰ-лар барлық мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында жасалған терактіні арсыз қылмысқа теңеді және қаза тапқандардың жанұялары мен туысқандарына көңіл айтты.

«Шабуыл кезінде еліміздің жазықсыз азаматтары мен құқыққорғау органдарының қызметкерлері қаза тапты, зардап шеккендері де бар.  Бұл - мұсылмандардың қасиетті Рамазан айындағы жасалған арсыз қылмыс. Кінәлілер қатаң жазаланатынына сенімдіміз», делінген Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП) мәлімдемесінде.

Ақтөбеде болған оқиға біз қоғам болып осы зауалдың таралуына қарсы тұруымыз керектігін көрсетті.

Біз еліміздегі тұрақтылықты барынша бағалай білуіміз керек, күш қоса отырып ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауымыз қажет», деп мәлім етті ҚКХП.

 «Бірлік» саяси партиясы өткен жексенбіде Ақтөбе қаласындағы теріс ағымдағы дін ұстанушылар жасаған террактіні қатаң айыптады, қоғамымыздағы тұрақтылық пен бейбіт өмірді ары қарай нығайтуға шақырды.

 «Экстремистердің бұндай әрекеттеріне қатаң жауап беру қажет, діни экстремизм мен терроризмнің кез келген көріністерінің алдын алу керек деп есептейміз. Бұл зұлымдыққа қарсы күресте ынтымақтастық қажет.  Біз еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтап қалу үшін барлық күш-жігерімізді салуға дайын екенімізді бүкіл әлемге көрсетуіміз керек», делінген  «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мәлімдемесінде.

Қазақстанның Азаматтық альянсы 5 маусымдағы Ақтөбеде экстремизмді сынға ала отырып: «Бұл оқиға - қазақстандық қоғамда тұрақтылықты нығайтудың маңыздылығын көрсетті.

Өйткені жалған діни ұрандарды жамылған жасырынған экстремизм мен терроризм біздің елдің ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі қауіпсіздікке қатер төндіреді», деді.

Қазақстанның Азаматтық альянсы  барлық қазақстандықтарды еліміздегі тұрақтылықты жоғары бағалап, бірлесіп ортақ шаңырақтағы бейбітшілік пен тыныштықты қорғауға шақырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 5 маусым күні Ақтөбе қаласында болған экстремистік әрекеттерді қатаң айыптады.

«Әлемдегі барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы басталар тұста орын алған жантүршігерлік оқиға біздің баршамызға, Қазақстан халқына сын-қатер. Мұндай әрекеттер қай жерде, қашан болмасын адамдардың арасында қорқыныш пен сенімсіздік тудырып, үрей жасау, елдің бірлігі мен тұтастығына нұқсан келтіру үшін жасалады. Қазақстан халқы біртұтас ел, өз отанының патриоттары ретінде осынау тағылық оқиғаны бірауыздан қатаң айыптайды. Жағдайды тұрақсыздандыру, еліміздегі татулық пен келісімді шайқалту мақсатындағы кез-келген қадамға біз бірлік, қоғамдық келісім және азаматтық патриотизм қағидаларына адалдығымызбен қарсы тұрамыз», делінген мәлімдемеде.

Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі тұрақтылықты шайқалту жолындағы кез-келген әрекетті үзілді-кесілді айыптайды және барша халқымызды қауіпсіз, өркендеген және тұрақты Қазақстанды нығайтып, дамыту жолындағы Елбасының сындарлы саясатының айналасына ұйыса түсуге үндеді.

«Біздің әрқайсымыз қазір қырағылық пен сабырлылық көрсетуге, асқақ азаматтық парыз сезімін танытуға, тұрақтылығымызды қорғауға тиіспіз. Біздің біртұтас халық, өз еліміздің азаматтары және патриоттары екенімізді барша жұртшылық білетін болсын!», - деп атап өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Хабарламаларға жазылу