ТМД елдеріне бірінші кезекте ішкі сипаттағы шараларды қабылдау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД елдеріне бірінші кезекте ішкі сипаттағы шараларды қабылдау қажет

09.11.2014
ТМД елдеріне бірінші кезекте ішкі сипаттағы шараларды қабылдау қажет

«Топтанып ұшқан торғайға тұрымтай да бата алмас».  Дүние дүрлігіп, геосаяси жағдайлар күбірткедей қабынып тұрған бұл кезеңде лаңкестерге бірігіп қарсы тұрмасқа лаж бар ма?

Осы аптада ел Президенті Астанаға құпия қызмет басшыларын ресмилесек, ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің басшыларын жинады. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, жаһандық экономикадағы ала-құла өзгерістер мен қиындықтарға қарап-ақ, жаңа қауіп-қатерлердің қылаң беріп тұрғанын аңғару қиын емес.

Осыған байланысты ТМД елдеріне бірінші кезекте ішкі сипаттағы шараларды қабылдау қажет. Мәселен, Қазақстан индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 5 жылда 800-ден астам кәсіпорын салды, жаңа жұмыс орындарын ашты.

Осының барлығы мұнайға, газға және басқа да ресурстарға тәуелділікті азайтып, экономикаға серпін беруде. Сондай-ақ, инфрақұрылымға, автокөлік, теміржолдар, көпірлер мен өткелдер салуға зор мән беріліп отыр.

Астанадан барлық бағытта жаңа автокөлік жолдарын салу жоспарлануда. Бұл істің барлығы елі тұрақты, қауіпсіздік органдардың қызметі өзара үйлескенде ғана жүзеге асатын үлкен шаруа.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз жаңа сын-қатерлерді, лаңкестік ұйымдардың белсенді бола түскенін көріп отырмыз. Мұндай жағдайда Ұлттық қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің жұмысын үйлестіру өте маңызды.

Кеден одағы аясында шекаралар ашылды, құқық бұзушылар елдер аумағында емін-еркін жүре алады. Осыған байланысты сіздердің бірлескен жұмыстарыңыз, бір-біріңізге көрсететін ілкімді ақпараттық қолдау  баға жетпес мәнге ие.

Жайнагүл ТӨЛЕМІС

Хабарламаларға жазылу