Қазақстан жүк таситын үлкен ұшақтар алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жүк таситын үлкен ұшақтар алады

14.06.2016
Қазақстан жүк таситын үлкен ұшақтар алады

Қазақстан жүк таситын үлкен ұшақтарды алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«ҚР Қорғаныс министрлігіне Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Ішкі істер министрлігімен және Қаржы министрлігімен бірлесе бір апталық мерзімде ауыр салмақтағы жүкті көтеретін әскери-көліктік ұшақтарды алу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу қажет»,-деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысы бұл жұмысты бюджетті нақтылау аясында жүргізген дұрыс болатынын жеткізді

«Қорғаныс министрлігіне осының барлығын есептеу керек, яғни біз нақтылаумен кіретін күзгі блокта бұл мәселе бірінші кезекте енгізілу қажет»,-деді К. Мәсімов.

Хабарламаларға жазылу