Биыл 21,8 миллион гектар жерге дәнді де майлы дақылдар егу жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 21,8 миллион гектар жерге дәнді де майлы дақылдар егу жоспарланып отыр

20.04.2014
Биыл 21,8 миллион гектар жерге дәнді де майлы дақылдар егу жоспарланып отыр

2014 жылы 21,8 миллион гектар жерге дәнді де майлы дақылдар егу жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артық. Дәнді-дақылдар - 15,9 миллион гектар, майлы дақылдар - 2 миллион гектар, азықтық дақылдар - 3,4 миллион гектар, картоп және көкөніс-бақша дақылдары - 410 мың гектар жерге отырғызылмақ.
  
 Жаздық егіске берілген тұқым 99,3 пайыз қамтамасыз етілген. Тұқым тапшылығы 16,9 мың тонна көлемінде. Бірақ бұл тапшылық облыстардағы қор мен мемлекеттік ресурс есебінен толықтырылмақ. Егіс науқанын материалдық-техникалық жабдықтау және қаржымен қамту мәселесі толық шешілген.
  
 Бұл шараға бюджеттен 40 миллиард теңге несие беру көзделген. Оның 14 миллиард теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігіне астықты форвардтық сатып алуға бағытталмақ.
  
 Қаржыландыру 1 гектарға 6000 теңге есебінен жүргізіледі. Егін науқанында жоғары сапалы 3 мың техника қолданылмақ. Ақпаратты еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз орталығынан алдық.   
 
Гүлжан МАРҚАБАЙ

Хабарламаларға жазылу