Дәнді және майлы дақылдарды себу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәнді және майлы дақылдарды себу аяқталды

02.06.2022

Ақмола облысында дәнді және майлы дақылдарды себу аяқталды. Диқандар бидайды он бесінші мамыр мен бірінші маусым аралығында екті. Биыл осы аралық қолайлы болды. Дәнді дақылдар 4 миллион 600 мың гектар алқапқа себілді. Ал майлы дақылдар 282 мың гектар жерді алып жатыр. Барлығы 530 мың тонна тұқым жұмсалды. Диқандар енді жаңбыр күтуде. Егіс науқаны аяқталғаннан кейін, маусымның басындағы жауын-шашын аса қажет. Бұл уақыттағы ылғал егіннің шығуына тікелей әсер етеді. Қазіргі уақытта мал азығын себу жалғасуда. Бұл науқан бірнеше күнде аяқталмақ.

Еркеш Әленов Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары: 

Ылғал жағы әр жерде әр түрлі , бірақ, әлі шамалы жеткіліксіз болып жатыр. Жауын болады деген ойдамыз, әр жерде қазір полоса-полоса жауып жатыр, сеніміміз мол соны күтіп отырмыз. Дәнді дақылдар шыққаннан кейін мынау арамшөптерге қарсы химобработкалар істейді керек жерге, керек емес жерге әзірге істемейді. Содан кейін барып, пар жыртамыз.

Хабарламаларға жазылу