Қостанай облысының Аманкелді ауданында биыл бірнеше әлеуметтік нысан бой көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Аманкелді ауданында биыл бірнеше әлеуметтік нысан бой көтерді

02.10.2018

Қостанай облысының Аманкелді ауданында биыл бірнеше әлеуметтік нысан бой көтерді. Соның бірі шағын спорт алаңы болса, енді бірі «Нұрай» тұрмыстық орталығы. Жалпы алаңы 200 шаршы метрді, құны 8,5 млн. теңгені құрайтын орталық осы күні 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың алтауы мемлекеттік жоба аясында кәсібін ашса, 9 тұрғын өз істерін осы нысанда бастады. 

Болат Алпысбаев, Аманкелді ауданы әкімінің орынбасары:

- Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағытына сәйкес жергілікті кәсіпкерлер, азаматтар ауданның қорына ақша салып, соның арқасында осы орталықты ашып отырмыз.

Ауданның тоқсан жылдығында туған өлкенің өркендеуіне өз үлестерін қосқан азаматтар бас қосты. Атқарылған жұмыстарды қорытындылап, келешекке жаңа межелер белгіленді. Ат жарысы, палуан күресі ұйымдастырылып, Батпаққара даласы дүбірге бөленді. Көпшіліктің зор қызығушылығын тудырған республикалық ақындар айтысы болды. «Мұндай іс-шаралар елдің рухын жанып, мерейін өсіреді», - дейді жиналғандар. 

Қажымұқан Абзалов, айтыскер:

- Небір тұлғаларды тудырған топыраққа табанымыз тиіп, біз де бақытты боп тұрмыз. Кешегі Аманкелді, Кейкі, Жәуке батырлардың еліне келіп, жадырап тұрған жайымыз бар. Бұл елдегі айтысқа, ақындарға деген құрметті ерекше деп бағалап тұрған жайымыз бар.  

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу