Қостанай облысында көкөніс қоймасы пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында көкөніс қоймасы пайдалануға берілді

08.12.2016
Қостанай облысының Аманкелді ауданында 500 тонналық көкөніс қоймасы ашылды. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын өңір үшін бұл - елеулі жаңалық. Себебі, бұған дейін ауданда мұндай нысан болмаған.
Қойманы салған осындағы бақша өсірумен айналысатын шаруа. Ол өзінің өңір үшін тиімді жобасымен «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қатысып, мемлекеттен 3 млн теңге грант ұтып алған.


Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу