Ертең Шығыс Қазақстанда «Туған жер» атты кәсіпкерлер форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Шығыс Қазақстанда «Туған жер» атты кәсіпкерлер форумы өтеді

18.10.2017

Оған еліміз бен бірқатар шет мемлекеттерден 700-ге тарта іскер топ өкілдері келеді деп күтілуде. Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қаралған «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатыр. Алқалы жиын барысында тың жобалар таныстырылып, инновациялық құрылғылар көрмесі жасақталмақ.

Бұдан бөлек, облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аукцион өткізілмек. Форум арқылы ұйымдастырушылар білім беру мекемелерінің инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталған «Менің мектебім» сияқты жобаға инвестиция тартуды көздеп отыр. 

Серік Жеңісов, ұйымдастырушы:

 - Ертеңгі күнде біз форумда тағы біраз көлемде қомақты қаржы жиналады деп ойлап отырмыз. Бұл қаржының барлығы осы мектептерге, балабақшалар мен ауруханаларға жұмсалады

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу