Шығыс Қазақстан облысында «Туған жер» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында «Туған жер» форумы өтті

22.10.2017

Естеріңізде болса, осыдан екі апта бұрын Ақтөбе облысының тұрғындары «Рухани жаңғыру», «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында осы өңірден шыққан, бірақ шартарапқа тарап кеткен жерлестерін жинап форум өткізген болатын. Өткен аптада бұл тың бастаманы Шығыс Қазақстан облысы жалғастырып әкетті.

Осы аймақта туып, өніп-өскен азаматтар Өскеменде өткен «Туған жер» форумында бас қосты. Іргелі кәсіпорын жетекшілері, меценаттар, спорт және мәдениет саласының майталмандары осы жиынға  жиналды. Алқалы жиында бәрі бірауыздан өңірдің дамуына үлес косуға ниетті екендіктерін білдіріп, қаржылай қолдау көрсетті. Толығырақ форумға арнайы қатысып қайтқан тілшіміз Зарина Ұлықбек айтып берсін.

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу