Шығыс Қазақстанда  «Туған жер» форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда  «Туған жер» форумы басталды

19.10.2017

Шығыс Қазақстанда «Туған жер» деген атаумен кәсіпкерлер форумы басталды. Алқалы жиын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» жобасының аясында ұйымдастырылды.  Шара еліміз бен алыс-жақын шетелдерден 700-ге тарта кәсіпкердің басын біріктіріп отыр.

Форумға келген көпшілік өңірде жүзеге асырылған әлеуметтік жобаларды бейнелейтін фото-галереяны тамашалады. Бұдан бөлек, облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аукцион өткізіледі. Осы арқылы білім беру мекемелерінің инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталған «Менің мектебім» сияқты жобаларға инвестиция тарту көзделген.

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу